COMFORT FINANCE BY SOLVA
Жиі қойылатын сұрақтар
Жылжымайтын мүлік кепілімен
Микрокредитті қандай мақсатқа алуға болады?
Тек кәсіпкерлік мақсаттарға беріледі. Оған айналым қаражатын толықтыру, тауар, шикізат пен жабдық сатып алу, жөндеу немесе бизнесті кеңейту кіреді. Жеке тұтыну мақсаттарына берілмейді.
Микрокредитті кім ала алады?
Қазақстан Республикасының 21 жасқа толған азаматтары мен резиденттері арасындағы жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға беріледі. Жоспарлы өтеу күні қарыз алушы 63 жастан аспауға тиіс. Расталған табыс және кемінде 6 ай кәсіп жүргізу қажет.
Кепілге қандай жылжымайтын мүлік қоюға болады?
Пәтерді, жер телімі бар үйді, коммерциялық жылжымайтын мүлікті немесе жер телімін кепілге қоюға болады. Өтінім қаралғанда нысанның жарамдылығы, орналасқан жері, құқықтары мен ауыртпалықтары тексеріледі.
Кепілдегі мүлікті пайдалана беруге бола ма?
Меншік құқығы кепіл берушіде сақталады. Пайдалану талаптары шартта көрсетіледі. Міндеттемелер орындалмаса, кепіл мүлкінен айырылу қаупі бар.
Микрокредит сомасы неге байланысты?
Сома мүліктің бағасына, түріне, орналасқан жеріне, расталған табыс пен ағымдағы міндеттемелерге байланысты. Бірнеше нысанды қарауға болады. Түпкілікті сома жеке анықталады.
Қандай құжаттарды дайындау керек?
Жеке куәлік, жылжымайтын мүлік құжаттары және табысты растайтын мәліметтер қажет. Қосымша құжаттар тізімін және жұбайының келісімі қажет пе екенін маман нақтылайды.
Рәсімдеу қалай өтеді?
Сайтта атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырасыз. Маман сізге хабарласады, содан кейін рәсімдеу бөлімшеде өтеді. Мақұлданып, құжаттарға қол қойылып, кепіл тіркелген соң қаражат берілуі мүмкін.
Мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?
Иә, толық немесе ішінара өтеуге болады. Мерзімінен бұрын өтеуге комиссия алынбайды. Өтініш беру тәртібі мен соманың есептелуін шарттан қараңыз.
Қандай қосымша шығындар болуы мүмкін?
Сақтандыру сыйлықақысы, нотариус шығындары және ауыртпалықты тіркеу үшін мемлекеттік баж шартқа қол қойылғанға дейін хабарланады. Ұйым тағайындаған бағалаушының қызметін ұйым төлейді. Клиент өзі таңдаған бағалаушының қызметіне өзі төлейді.
Серіктестік бағдарлама
Қандай тұрғын үй кешендері қатысады?
Бағдарламаға «Британский квартал» және «Новый город» кешендері қатысады. Өтінімде кешенді таңдаңыз. Маман бос пәтерлер мен талаптарды рәсімдеуге дейін нақтылайды.
0,01% мөлшерлемесі қашан қолданылады?
«Британский квартал» бойынша бастапқы жарна 50% және мерзім 3 жыл болғанда қолданылады. «Новый город» талаптары бөлек нақтыланады.
Кепілге не қойылады?
Сатып алынатын пәтер кепілге қойылады. Кепілді рәсімдеу тәртібі мен талаптары шартта көрсетіледі.
Өтінімнен кейін микрокредит рәсімдеуге міндеттімін бе?
Өтінім кеңес алу үшін беріледі және микрокредиттің мақұлдануына кепілдік бермейді.
Өтінім, қаражат алу және қызмет көрсету
Өтінім бойынша шешімді қалай білемін?
Байланыс деректеріңізді жібергеннен кейін маман сізге хабарласады. Сайттағы өтінім кеңес алуға арналған. Мақұлдау мен шартқа қол қою бөлек кезеңдерде жүргізіледі. Түпкілікті талаптар құжаттар қаралғаннан кейін хабарланады.
Барлығын қашықтан рәсімдеуге бола ма?
Сайтта төлемді есептеп, атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдыра аласыз. Кепілді микрокредит бөлімшеде рәсімделеді. Серіктестік бағдарламасы арқылы пәтер алу тәртібін маман нақтылайды.
Өтінімді қалай түзетуге немесе қайтарып алуға болады?
+7 705 957 77 70 нөміріне қоңырау шалып, деректерді өзгерткіңіз келетінін немесе өтінімді қайтарып алатыныңызды айтыңыз. Шартқа қол қойылғанға дейін өтінім микрокредитті рәсімдеуге міндеттемейді.
SMS-код, ЖСН және электрондық пошта қажет пе?
Кері қоңырауға өтінім беру үшін тек атыңыз бен телефон нөміріңіз қажет. Бұл нысан ЖСН, құпиясөз, SMS-код, карта нөмірі мен электрондық поштаны сұрамайды.
Өтінім не себепті қабылданбауы мүмкін?
Шешім расталған табысқа, қолданыстағы міндеттемелерге, кредит тарихына, құжаттарға және мүлікті тексеру нәтижелеріне байланысты. Байланыс деректеріңізді тексеріп, маманның қоңырауын күтіңіз.
Қандай банк шоты қажет?
Қаражат қарыз алушының өз шотына аударылады. Деректемелер мен қаражат алу тәсілі рәсімдеу кезінде келісіледі. Кері қоңырау нысанына банк деректерін енгізу қажет емес.
IBAN деген не?
IBAN — әріптер мен сандардан тұратын банк шотының нөмірі. Қазақстанда ол 20 таңбадан тұрады және KZ әріптерінен басталады. IBAN нөмірін банк қосымшасынан немесе банк қызметкерінен біле аласыз.
Қайта өтінім беруге бола ма?
Иә, жаңа микрокредит беру мүмкіндігі мен талаптары жеке қаралады. Бұрынғы өтінім немесе өтелген микрокредит мақұлдауға кепілдік бермейді.
Берешек туралы анықтаманы қалай алуға немесе шарт талаптарын қалай өзгертуге болады?
+7 705 957 77 70 нөмірі арқылы маманға хабарласыңыз. Талаптарды өзгерту жөніндегі нұсқаулық пен өтініш нысаны төменде және «Құжаттар» бөлімінде берілген.
Өтінім нысаны жұмыс істемесе не істеу керек?
Интернетке қосылымды, +7 нөмірінің дұрыс жазылуын және деректерді өңдеуге келісімді тексеріңіз. Жіберу кезінде қате шықса, нысанда хабар көрсетіледі. Қайта жіберу көмектеспесе, +7 705 957 77 70 нөміріне қоңырау шалыңыз.